Leasing calculator - will allow you to calculate the cost of your monthly payment. Лизинг калькуляторы
Онлайн қосалқы бөлшектер

САПА, ЭКОЛОГИЯ, ДЕНСАУЛЫҚТЫ

ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӘСІБИ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ

BMK-GD-POL-001

  Борусан Макина Қазақстан ірі түрік конгломераты Борусан Холдингінің бөлігі болып табылады. Өзінің коммерциялық қызметін 1999 жылы бастаған компанияның қазіргі таңда Қазақстан Республикасының 22 қаласында өкілдіктері бар, компанияда бір жарым мыңнан астам қызметкер бар және ол кен өндіру, мұнай-газ және құрылыс салалары секілді экономиканың маңызды салаларын қамтиды. Құрылыс мердігерлері, кен өндіруші және мұнай-газ өнеркәсібі, энергетика және ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорындар біздің тапсырыс берушілеріміз болып табылады. Компания кен өндіру секторына арналған CAT техникаларының толық модельдер қатарын, құрылыс жабдықтарының толық кешенін және электр жабдықтау саласындағы жеке тораптар секілді түрлі шешімдерді, сонымен қатар толық аяқталған кешенді жобаларды ұсынады, «Борусан Казахстан» жабдықтар сервисінің толық циклін жеке қызметтер шарты түрінде және сервисті кешенді шарт түрінде ұсынады.

  Компания құрылған сәттен бастап қызмет көрсету және тапсырыс берушілерге арналған бірден-бір инфрақұрылымды ұйымдастыру саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Компанияның даму жолы — бұл үздіксіз жетіліп отырудың жолы. Сол себептен бүкіл Қазақстан бойынша құралған топ қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында күнделікті барынша тиімділікпен, дәлдікпен және кәсіпқойлықпен еңбек етуде.

  Компания қызметтердің барлық түрлерін жүзеге асыра отырып, өндірістік қызмет нәтижесіне қарағанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының қымбат екенін мойындайды.

  КӨРІНІС

  6+ аумақтағы CATERPILLAR® компаниясының жетекші дилері: жабдықтарды, көрсетілетін қызметтерді және құрылыс, тау-кен өндіру және энергетика саласындағы кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыратын шешімдерді жеткізуші.

  Компанияның стратегиялық бағыты:

БІЗ ҮЗДІК ӘЛЕМГЕ АРНАЛҒАН ШЕШІМДЕРДІ ЖАСАЙМЫЗ!

  4 стратегиялық бағыт:

  • Тапсырыс берушілерге қызмет көрсетудің бұрын-соңды болмаған деңгейі;
  • Оңтайландырылған шығындар және жоғары табыстылық;
  • Негізгі және жаңа шешімдер есебінен өсу: цифрлық технологиялар мен инновацияларды енгізу;
  • IT мүмкіндіктерін қамтитын динамикалық, Тапсырыс берушіге бағдарланған ұйымдастыру.

  Компанияның кәсіби қауіпсіздік және денсаулықты қорғау саласындағы саясаты мына тіркестен белгілі:

ЕҢ БАСТЫСЫ - ҚАУІПСІЗДІК!

  Жұмыстың қауіпсіздік талаптарының барлығы бірдей сақталмаса, онда ешбір жұмыс маңызды болып көрінбейді. Басқарма саясаты қауіпсіздікке кепілдік беру және қажет етілетін барлық орындарда қызметкерлер үшін қауіпті жұмыс жағдайларын жоюға бағытталады.

  МИССИЯ

Тапсырыс берушілеріміз үшін шешімдердің, қызмет көрсету сапасының үздіксіз жетілуіне бағытталған сенімді, ұзақ мерзімді серіктес болу, сондай-ақ өзіміздің акционерлер мен қызметкерлер үшін жоғары моральдық мәдениет құру.

  БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР:

  • Біз мінсіздікке ұмтыламыз;
  • Біз Тапсырыс берішулеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыруға басымдық береміз;
  • Біз бастама танытып, ісімізге жауапкершілікпен қараймыз;
  • Бізге сенуге болады;
  • Біз қоғамға өз үлесімізді қосамыз.

  САПА САЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР

  • Тұтынушылардың талаптары мен сұраныстарын үнемі зерттеу және талдау негізінде оларға бағдарлану;
  • Тұтынушының барлық талаптары, сонымен қатар сапаға қатысты заңнамада белгіленген талаптар орындалатына сенімділігін қалыптастыру және қолдау;
  • Өнімнің және көрсетілетін қызметтердің сапасын сынақтан өткізу және бақылау әдістерін жетілдіру;
  • Компания өнімі мен көрсететін қызметтерінің басты сапалық сипаттамаларын айқындайтын процестер мен технологияларға барынша көп көңіл бөлінуін қамтамасыз ету;
  • Сапа менеджменті жүйесінің процестерін үнемі мониторингілеу, өлшеу, талдау және жақсарту;
  • Барлық персоналды үздіксіз оқыту және біліктілігін арттыру;
  • Сапа саласындағы құзыреттіліктер мен жауапкершілікі компания басқармасының барлық деңгейлерінде нақты бөлу;
  • Сапаға саласындағы мақсат-міндеттерімізді түсіну негізінде жеткізушілермен өзара тиімді ынтымақтастық жасау;
  • Сапа саласындағы Саясаттың ұйымның мақсаттарына сай болуын қамтамасыз ету;
  • Сапа менеджменті жүйесінің табысты жұмыс істеуін және үнемі жақсартылып отыруын қамтамасыз ету.

  ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӘСІБИ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР

  • Еңбек, кәсіби қауіпсіздік және денсаулықты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, нормативтік және тапсырыс берушінің өзге де талаптарын орындау.
  • Заңдарда, заңға қосымша актілерде, бұйрықтарда, нұсқаулықтар мен жоспарлардағы еңбекті қорғау саласындағы талаптарды жүйелеу.
  • Техниканы сату, жұмыс істеу, қызметтік көлікті пайдалану кезінде қауіпсіздік деңгейін үнемі жақсарту;
  • Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі міндеттемелерін орындау үшін кәсіпорын коммуникациясының элементтерін құру;
  • Компания қызметкерлерін еңбекті қорғау және кәсіби қауіпсіздік саласында жан-жақты оқыту;

  ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР

  • Технологиялық процестердің қоршаған ортаға теріс әсерін жоспарлы түрде азайту, ең үздік қолжетімді технологияларды, ғылым мен техниканың жетістіктерін енгізу арқылы экологиялық тәуекелдерді төмендету.
  • Теріс салдардың алдын алу жөніндегі шаралардың оларды жою жөніндегі шаралардан басым болуы.
  • Қазіргі халықаралық нормалар мен мемлекеттік талаптарға сәйкес келетін өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік деңгейін сақтап тұру.
  • Табиғатты және ресурстарды үнемдейтін технологиялар мен процестерді енгізуге негізделген табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану.
  • Компания қызметінің аудандарындағы табиғи ортаның экологиялық мониторингі.
  • Қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде персоналдың құзыреттілік деңгейін арттыру.

  «Борусан Макина Казахстан» ЖШС ШК жоғары басшылығы Саясатты іске асыру үшін міндеттемені және ISO 45001, ISO 9001, ISO 14001 халықаралық стандарттарының талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді өзіне алады.

  Компания қызметкерлері өз жауапкершілігін әрбір жұмыс орнында қызмет тәуекелдерін бағалау негізінде анықтайды және басшылыққа әлеуетті қауіптер туралы уақытылы хабарлауға және мүмкін оқиғалардың алдын алуға жәрдемдеседі.

Certificate ISO 14001

Certificate ISO 9001

Certificate ISO 45001