Leasing calculator - will allow you to calculate the cost of your monthly payment. Лизинг калькуляторы
Онлайн қосалқы бөлшектер

TRIMBLE КОМПАНИЯСЫ

Машиналарды басқарудың барынша функционалды жүйесін әзірлеп шығарды. Бұл жүйелерде деректерді басқарудағы, бағдарламалық жасақтамаларды жасаудағы, объектілерді позиционирлеудегі және инфрақұрылымды қамтамасыз етудегі Trimble®️ ұсынған машиналарды басқару құралдарын әзірлеудің ортақ тәжірибесі, сондай-ақ құрылыс жұмыстарында ауыр техниканы пайдаланудағы Caterpillar тәжірибесі толықтай іске асырылған. Осындай серіктестік нәтижесінде 2002 жылы Caterpillar Trimble Control Technologies (CTCT) бірлескен кәсіпорны құрылды. Бұл кәсіпорын AccuGrade техниканы басқару құралдарын әзірлеумен айналысады.

AccuGrade жүйесі

Тапсырыс берушіге шығындарды елеулі дәрежеде қысқарта отырып, машинаның өнімділігін 40%-ға арттыруға, машинаның пайдалану сипаттамаларын, сондай-ақ оның басқарылуын жақсартуға мүмкіндік береді. Кіріктірілген датчиктердің, тартылым мен гидравликаның зауытта орнатылуы – бұл машинаны көлденең еңістік датчигі, ультрадыбыстық сенсорлар, лазерлі жазықтықтарды салу құрылғылары және лазерлік қабылдағыштар, GPS/ГЛОНАСС спутниктерін қолдану негізіндегі 3D шешімдер және роботтандырылған тахеометрді пайдалану негізіндегі шешімдер сияқты әр алуан типтегі жүйелермен жабдықтауға мүмкіндік беретін Caterpillar компаниясының революциялық шешімі. Біздің клиенттеріміз қол жеткізетін өнімділік пен экономикалық тиімділік машинаның қаншалықты дәл әрі жылдам жұмыс жасауына байланысты екенін түсінеміз. Еңбек қарқындылығы жоғары құрылыс алаңындағы нақты күрделі жағдайларда машина қайырмасын жобалық белгіде дәл ұстап қалу міндеті аса маңызды бола түседі.

AccuGrade Автоматтық Басқару Жүйелері

Сізге көліктің жұмыс органын (қайырма, шөміш, аунақ атанағы, жонғыш плитасы және т.б.) жобалық белгіде автоматты режимде ұстап тұруға, операторға жобаның цифрлық моделімен тікелей машина кабинасынан жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Осының арқасында жұмыс дәлдігін арттыруға, қайта жасау жұмыстарының санын қысқартуға, техниканың қызмет ету мерзімін ұлғайтуға, құрылыс материалдарын үнемдеуге, техникаға қызмет көрсету шығындарын азайтуға және айтарлықтай дәрежеде геодезиялық бөлу жұмыстарынан бас тартуға мүмкіндік туындайды.

Trimble компаниясы Trimble Earthworks автоматтық басқару жүйелерінің жаңа қатарын ұсынды.

Жүйенің негізгі ерекшеліктері: рэкскаваторда жұмыс жасаудың жартылай автоматтық режимі (басқарудың әдеттегі индикативті режимінің орнына), бульдозерлерде жұмыс жасаудық діңгексіз шешімі, жүйе Android операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс жасайды, толықтай қайта өңделген компоненттер және т.б. Қосымша ақпарат сайтта

Өнімдер бойынша толық мәліметті сіздер біздің мамандардан біле аласыздар:

тегін жедел желі телефоны бойынша 8 8000 800 228