Leasing calculator - will allow you to calculate the cost of your monthly payment. Лизинг калькуляторы
Онлайн қосалқы бөлшектер

<< Orange Ethics >> жедел желісі

Борусандықтар сақтауы тиіс іскерлік этика ережелерін Borusan Cat компаниялар тобының Іскерлік этика жөніндегі комитеті анықтайды. Борусан компаниясы тобының қызметкерлері осы мәнмәтінде іскерлік этика ережелерін сақталуы мен бақылануына қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады.



«Orange Ethics жедел желісі» осы жауапкершіліктің бір бөлігі ретінде құрылды. Борусан қызметкерлері бұл желіні өзінің және Borusan Cat-тың басқа қызметкерлерінің жүріс-тұрысына қатысты кеңес алу немесе хабардар ету үшін пайдалана алады. Borusan Cat компаниялар тобының компанияларына және қызметкерлеріне қатысты этикалық нормаларды сақтау туралы бүкіл ақпарат осы жедел желі арқылы табысталады деп күтіледі. Барлық сұрақтар мен ақпараттың ұсынылуына Іскерлік этика жөніндегі комитет жауапты болады.



Этикалық нормалардың бұзылуы туралы шағымдар мен хабарламалардың қаралуына және шешімдердің шығарылуына қатысты жауапкершілікті Borusan Cat холдингінің Іскерлік этика жөніндегі комитеті көтереді, ал тексерулерді Borusan Cat холдингінің Аудиторлық департаменті жүргізеді. Іскерлік этика жөніндегі комитетке жолданған Borusan Cat компаниялар тобы қызметкерлерінің немесе үшінші тұлғалардың хабарламалары қорғалған. Бұл үдерісті басқару ісімен КПМГ аудиторлық компаниясы айналысады. Тексеру мен тергеулерді тәуелсіз сарапшылар құпя түрде жүргізеді.



Сұрақтарыңыз бен хабарламаларыңызды Borusan Cat холдингінің Іскерлік этика жөніндегі комитетіне келесі арналар арқылы жолдауыңызға болады:



Эл. мекенжайы: orangeethics@borusan.com

Веб-сайт: www.orangeethics.com