Ақпараттық Қауіпсіздік Саясаты
«Бәсекелестерімізбен салыстырғанда клиенттеріміздің дамуы мен жетістікке жетуіне көбірек үлес қоса отырып, өзіміз қызмет көрсететін бизнес-сегменттерде көшбасшы болу» деген пайымымыздың тұжырымын ойдағыдай іске асыру үшін біз «ақпартты» - заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес басқару қажет болатын корпоративтік актив ретінде қарастырамыз.
Біздің корпоративтік мақсаттарымыз бен стратегияларымызға сәйкес, біз бизнес талаптарына сай келетін деңгейде барлық операциялардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талпынамыз. Осыны ескере отырып, біздің компания және оныңбарлық қызметкерлері келесі қағидаттарды ұстануға міндеттенеді:
- Қызметкерлердің өкілеттіктері мен міндеттеріне сәйкес, олардың ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін ұсына отырып, ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету.
- Тұтастығын қорғау мақсатында ақпаратқа рұқсат етілмеген өзгерістерді енгізудің алдын алу және рұқсат етілмеген өзгерістерді анықтау мүмкіндігін қамтамасыз ету.
- Бизнес-үдерістер мен операциялардың талаптарына сәйкес ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
- Ақпараттық қауіпсіздікпен байланысты тәуекелдерді бағалауды жүргізу, мұндай тәуекелдерді бақылауға алу және біздің ақпараттық жүйелерімізді ұдайы жетілдіру мен жақсартуды қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді басқару бағдарламаларын әзірлеу.
- Ақпаратпен байланысты заңдар мен заңи нормалардың барлығын сақтау, сондай-ақ Borusan Cat Казахстан компаниялар тобының тиісті қағидаттарын сақтау.
- Ақпараттық қауіпсіздік мәселелерінде өз қызметкерлеріміз бен жеткізушілеріміздің хабардарлығы мен құзыреттілігін қамтамасыз ету және біздің корпоративтік саясаттарымызға олардың операциялық қызметінің сәйкестігін қамтамасыз ету.
- Біздің компанияның этикалық қағидаттарына сәйкес ақпараттық қауіпсіздіктің бұзылуы бойынша оқыс оқиғаларды өңдеу.
- Бизнесті және компанияны басқару бойынша дұрыс әрекеттер мен шешімдердің қабылдануын қамамасыз ету үшін ақпарат пен АТ деректерінің сенімділігін, дұрыстығын және өзектілігін қолдаудың заманауи технологияларын пайдалану.
- Өз клиенттеріміздің талаптары мен сауалдарына, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сай келу үшін өзіміздің ақпараттық инфрақұрылымның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
- Ақпараттың құпиялылығын, әсіресе клиенттер туралы ақпарат пен жеке деректер бойынша ақпараттың құпиялылығын қорғау үшін тиісті қауіпсіздік шараларының көмегімен қажет нәрселердің барлығын жасау, соның ішінде саясаттарды, үдерістерді, рәсімдерді және озық технологияларды қоса алғанда.
- Ақпарат иесінің тиісті сауалын алмастан немесе заңнама мен заңи нормалардың талаптарын сақтамастан ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін ұсынбау.
БІЗДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІМІЗ – БІЗДІҢ БЕДЕЛІМІЗ!
Құрметпен,
«Борусан Макина Казахстан» ШК ЖШС бас директоры
Аман Шакенов
«Борусан Макина Казахстан» ШК ЖШС бас директоры
Аман Шакенов