Өндірістік өнеркәсіп
"Borusan Cat Қазақстан" компаниясы жоғары технологиялық резервтік энергетикалық шешімдер кешенін ұсынады - 22-ден 1100 кВА дейінгі резервтік режимдегі дизельді электр станцияларының жаңа желісі-Cat GC Series. Құрал-жабдық үздіксіз қуат қажет немесе жиі өшірулер орын алатын кез-келген салаға жарамды. Сat жабдығының негізгі артықшылықтары - барлық сипаттамаларға сай болуы және біздің сервис орталықтарымызда жан-жақты қолдау. Газ генераторлары Поршеньді қозғалтқышы бар газ электр станцияларының маңызды артықшылықтарының бірі – тұтынушының жоғары технологиялық агрегаттары үшін маңызды болуы мүмкін елеулі ауытқуларсыз және секірулерсіз электр энергиясы. Әрине, газ поршеньді электр станциялары өнімділігінің негізгі құраушыларының бірі газдың сапасы болып табылады. Бірақ, бұл жерде де Сat метан саны аз газ-ауа қоспасында жұмыс істеу кезінде теңдесі жоқ мүмкіндіктерге ие. Дизельді генераторлар Caterpillar компаниясы генераторлық қондырғылар өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады және олардың ең кең модельдік қатарын ұсынады. Егер Сізге қуаты 26-дан 2000 кВт-қа дейін (33-тен 2400 кВА-ға дейін) дизельді генератор қондырғысы қажет болса, Сat дизельді генераторларын батыл таңдаңыз: олар әлемдік стандарттарға сәйкес құрастырылған, жоғары тиімділікпен, төмен отын шығынымен ерекшеленеді және ластаушы заттардың шығарындыларына қатысты халықаралық талаптарға жауап береді. Cat дизельді генераторлық қондырғылары Сіздің электр қуатыңызға сәйкес келетін әртүрлі модификацияларда келеді, сондықтан Сіздің қолдану аймағыңызға сәйкес келетін құрал-жабдықты таңдау және орнату оңай.