-
Турция
-
Әзірбайжан
-
Грузия
-
Қазақстан
-
Қырғызстан
Машинаның жүріс бөлігі
Cat жүріс бөлігінің жүйелері жоғары гидравликалық қуатты және тарту күші мен машина қозғалысын өте жақсы басқаруын қамтамасыз етеді. Cat жүріс бөліктері гидравликалық экскаваторлардан бастап, шынжыр табанды машиналардың тораптары мен жүйелеріне дейінгі кез-келген құрал-жабдықтың қызмет мерзімінің ұзаруын, сонымен қатар пайдалану шығындарын және техникалық қызмет көрсету шығындарының төмендеуін қамтамасыз етеді. Бұл жүйелер ашық немесе жабық контурлы және жолтабан енімен реттелетін орындауларда жеткізіледі. Бұл модульдік жүйелер кез-келген жол жағдайында жұмыс істейтін кез-келген типтегі машиналар үшін оңтайлы өнімділікті қамтамасыз етеді.
Cat жүріс бөліктерінің гидравликалық экскаваторлардан бастап, шынжыр табанды машиналардың тораптары мен жүйелеріне дейінгі кез-келген техника үшін жоғары гидравликалық қуатты және машина қозғалысын өте жақсы басқаруын қамтамасыз етеді. Біздің жүріс бөліктерін жиі құрылыста, материалдарды тиеу-түсіруде, тау-кен жұмыстарында және ағаш кесуде әртүрлі қолданыс табады, бұл Сіздің машиналарыңызды пайдалану мен техникалық қызмет көрсету шығындарын азайтады және қызмет мерзімін ұзартады.
System One™ көтеріңкі жетекші дөңгелегі бар машиналарға арналған
Жүріс бөлігі Cat SystemOne™ жүріс бөлігі барлық элементтерінің құрылымы түбегейлі қайта өңделуі нәтижесінде құрылған, жаңа жүріс бөлігі болып табылады. Caterpillar® компаниясының инженерлері барлық тораптардың құрылымын айтарлықтай өзгертті, соның ішінде:
Ресурсты ұлғайту және техникалық қызмет көрсету көлемін бұрын қол жетімді емес деп саналған деңгейге дейін азайту үшін жасалған, бұл жүріс бөлігі тораптардың айтарлықтай ұзақ қызмет ету мерзіміне кепілдік береді және машинаға қызмет көрсетуге және пайдалануға байланысты шығындарды едәуір азайтуға мүмкіндік береді.
Heavy Duty күшейтілген шынжыр табанды таспасы
Ауыр эксплуатациялық режимдеріне арналған шынжыр табанды таспа күрделі жағдайларда жұмыс істейтін, көтеріңкі жетекші дөңгелегі (D6N, D6T) бар орташа машиналарға арналған талаптарға сәйкес жобаланған.
Ауыр эксплуатациялық режимдеріне арналған шынжыр табанды таспа жоғары соққы жүктемелері мен кернеулердің әсерін едәуір өтейтін берік түйіндермен, сұққылармен және втулкалармен жабдықталған. Cat® SALT шынжыр табанды таспалармен салыстырғанда ауыр эксплуатациялық шарттарға арналған шынжыр табанды таспа орташа есеппен 20 % ұзақ қызмет мерзімін қамтамасыз етеді және жоғары соққы жүктемелері бар агрессивті қолдану салаларында үлкен артықшылықтарға ие.
Орташа немесе жоғары соққы жүктемелері жағдайында жұмыс істейтін негізгі машиналар үшін ұсынылады.
General Duty жалпы мақсаттағы шынжыр табанды таспасы
Жеңіл эксплуатациялық жағдайында жұмыс істейтін аз жүктемесі бар машиналар үшін ұсынылады.
General Duty жалпы мақсаттағы шынжыр табанды таспасының артықшылықтары
Келесілерді ескеру қажет:
Сарапшыларға сеніңіз
Cat жүріс бөлігін сатып алу арқылы Сіздің жүріс бөлігіңіздің техникалық қызмет көрсетуді сәтті басқаруға көмектесетін әртүрлі құралдарға ие қосалқы бөлшектер мен қызмет көрсету мамандарынан техникалық қолдау аласыз. Жүріс бөлігінің мониторингтік жүйесі (CTS) - шығындардың азайтудың және жай тұрып қалу уақытын азайтатын ең жақсы әдіс болып табылады.
Жүріс бөлігінің мониторингтік нәтижелерді пайдалана отырып, Сіз жүріс бөлігінің техникалық қызмет көрсетуді басқаруға елеулі үлес қоса аласыз. Сіздің жүріс бөлігіңіз қалай жұмыс жасауды және тозатының түсіну өте маңызды. Дұрыс пайдалану және техникалық қызмет көрсету кезінде Сіз тозуды азайтып, қаржы үнемдей аласыз. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, біз шығындарды азайту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеміз.
Сізді қызықтырған барлық сұрақтар бойынша 8 800 0800 228 тегін жедел желі телефонына хабарласуды сұраймыз (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)
Өтінішіңізді жіберіңіз