-
Турция
-
Әзірбайжан
-
Грузия
-
Қазақстан
-
Қырғызстан
Қазақстан Республикасы тау-кен өнеркәсібін дамыту үшін ерекше қолайлы жағдайлар ұсынатын мемлекеттер қатарына жатады. Оның әлеуетінің негізгі компоненттері: тиімді географиялық орналасумен үйлесімдегі минералды шикізаттың орасан зор қоры және даму үстіндегі көлік инфрақұрылымы; өндірістік және өнеркәсіптік әлеует; инвестициялық тұрғыдан қабілетті кәсіпорындардың әлеуетті үлес салмағы; келешекте өндірісте инновацияларды құру және тарату процестерін өрістетуге мүмкіндік беретін инновациялық инфрақұрылым, және т.с.с. Бұл әлеует мемлекет дамуының стратегиялық мақсатына қол жеткізу үшін нақты негіз болып табылады.
2024 жылдың басында шетелдік бизнес-қоғамдастық пен Қазақстан Республикасының президенті арасында ресми кездесуі өтті. Аталмыш кездесуде елдің инвестициялық тартымдылығы мәселелері қозғалды. Мәселен, дүниежүзілік банктің берген бағасы бойынша, Қазақстанда құны 46 триллион АҚШ долларынан асатын бес мыңнан астам барланабғар кен орындары бар екен. Салыстыру үшін дерек келтірсек: 2020 жылғы жағдай бойынша Америка Құрама Штаттарының табиғи ресурстары 45 триллион АҚШ долларына бағаланды, Сауд Арабиясында 34,4 триллион АҚШ доллары сомасына табиғи ресурстар бар, Канаданың табиғи ресурстары 33,2 триллион АҚШ долларына бағаланады, Австралияның табиғи ресурстары 19,9 триллион долларға бағаланады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 34 маңызды шикізат түрінің 19-ы өндіріледі. Қажетті инвестициялар болған жағдайда, кобальт, вольфрам, литий және басқалары секілді пайдалы қазбалардың тағы тоғыз түрінің кен орындарын игеруге болады.