-
Турция
-
Әзірбайжан
-
Грузия
-
Қазақстан
-
Қырғызстан
«BORUSAN CAT ҚАЗАҚСТАН» КОМПАНИЯСЫ 27 НАУРЫЗДА ҚАЗАҚСТАНДА ӨТКЕН ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ РӘСІМДЕ ЕҚДБ «ҚҰРЫЛЫС ТЕХНИКАСЫНЫҢ ҮЗДІК ЖЕТКІЗУШІСІ» МАРАПАТЫНА ЛАЙЫҚ ДЕП ТАНЫЛДЫ.
27 наурызда Алматы қаласында Қазақстанда GEFF II жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын іске қосуға бағытталған шара өткізілді.
«Borusan Cat Қазақстан» компаниясы қатысушылардың, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдардың, қаржы мекемелерінің өкілдерінің, бизнес иелерінің және нарықтың басқа да қатысушыларының кең көлемінің басын қосқан шараға қатысты.
Осы шара шеңберінде «Жасыл серпіліс: жасыл экономикаға ауысу Қазақстанның қаржы секторын қалай өзгертеді» тақырыбында панельдік пікірталас өтті. Қатысушылар жасыл қаржыландыруды кеңейту жолында қаржы секторының алдында тұрған сын-қатерлерді, сонымен қатар, Қазақстанның экономикасы мен қаржы секторын «көгалдандыруды» қолдаудағы түрлі ұйымдардың рөлін талқылауға мүмкіндік алды.
ЕҚДБ жеке тұлғалар мен шағын және орта бизнес компанияларына кредит беру үшін қаржы институттарына 1 150 млн ұсынады. Сондай-ақ, қаржы жасыл технологияларды жеткізушілер мен өндірушілерге беріледі.
Іс-шара Pilot GEFF Kazakhstan қаржыландырудың бірінші кезеңінің жетістігін атап өтуге және еліміздің жасыл экономикасының дамуына өз үлесін қосқандардың барлығына құрмет белгісі ретінде марапаттар тапсыруға мүмкіндік берді.
«Borusan Cat Қазақстан» компаниясы «Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің» құрылыс көлігі санатындағы «Үздік жеткізуші» номинациясы бойынша марапатына ие болды. Бұл жетістік компанияның энергиялық тиімді құрылыс және ауыл шаруашылығы техникасының сенімді жеткізушісі ретіндегі «Borusan Cat Қазақстан» мәртебесін нығайтатын нарықтағы дамуының маңызды кезеңі болды.