-
Турция
-
Әзірбайжан
-
Грузия
-
Қазақстан
-
Қырғызстан
2024 жылдың тамыз айында Атырау облысы ішкі саясат басқармасының бастығы Гүлнұр Сүйеуова төтенше жағдай кезінде өңірдің мұқтаж тұрғындарын азық-түлікпен және түрлі техникамен қамтамасыз еткен белсенділерге алғыс хаттар табыс етті. Марапатталғандардың ішінде Әсемгүл Хабидулина – «Borusan Cat Қазақстан» компаниясының Атырау қаласындағы өкілдігінің бухгалтері болды.
«Тұрғындардың бірлігінің арқасында біз су тасқынынан аман қалдық. Облыс әкімі Серік Жамбылұлының атынан, қиын кезеңде біздің өңірді аман сақтап қалу шараларын ұйымдастырып, белсенді араласқыныңыз үшін алғыс айтамын», – деді Г.Сүйеуова
Белсенділерге ҚР Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Ерлан Кошановтың, ҚР Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаеваның және вице-министр Евгений Кочетовтың, сондай-ақ Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтың және облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің алғыс хаттары табысталды.
«Borusan Cat Қазақстан» компаниясы өз қызметкерлерінің батылдығын және белсенді өмірлік ұстанымын мақтан тұтады. Компания атынан Әсемгүлге құрмет білдіреміз және алға қойған мақсаттарына жетуіне тілектеспіз!