Leasing calculator - will allow you to calculate the cost of your monthly payment. Лизинг калькуляторы
Онлайн қосалқы бөлшектер

ОЗЫҚ ПОЗИЦИЯЛАРДЫ НЫҒАЙТУ: КОМПАНИЯ БАСШЫЛАРЫН КИМЭП-ТЕ ОҚЫТУ

«Borusan Cat Қазақстан» компаниясында он жылдан астам уақыт бойы қызметкерлер мен басшылардың біліктілігін арттыру бағыты белсенді дамып келеді. Компанияның 2013 жылдан бері КИМЭП университетімен арадағы ынтымақтастығы аталмыш процестің маңызды кезеңіне айналды. Жасалған шарттың арқасында компанияның әртүрлі бағыттарының басшылары халықаралық деңгейдегі жетекшілерді даярлауға арналған Mini MBA бағдарламасы бойынша оқудан өтуге мүмкіндік алады. КИМЭП университеті және оның Алматы қаласындағы Басқарушы кадрларға арналған білім беру орталығы сенімді білім беру платформасын ұсынады. Бұл ретте білім алушылар сапалы білім алады, тәжірибе алмасуға қатысады және өздерінің іскерлік байланыстарын кеңейтеді. 

2024 жылғы 17 мамырда 2023-24 оқу жылының Mini MBA түлектеріне XI сертификаттар табыстау рәсімі болып өтті. Осы жылы «Borusan Cat Қазақстанның» 18 қызметкері бағдарламаны сәтті аяқтап, еуропалық агенттіктермен аккредиттелген сертификаттарын алды. Оқыту 12 модульді қамтыды және бір жарым жылға ұласты. Қатысушылар көптеген басқару тақырыбындағы пәндерді терең зерделеу мүмкіндігіне ие болды. Бағдарлама тақырыптарының қатарында – персоналды басқару, мотивация және табыстау, ұйымдастырушылық мінез-құлық, келіссөздер стратегиясы, микро- және макроэкономика, қаржылық басқару. Модульдердің әрқайсысы бойынша оқытушылар кең практикалық тәжірибесі бар мамандар болды, бұл жайт студенттерге өзекті мәселелер мен заманауи тәсілдемелерге терең бойлай отырып, материалды игеруге мүмкіндік берді. 

Халықаралық деңгейде жұмыс істейтін ірі компанияларда маңызды аспект болып табылатын кросс-функционалды жұмыс және командалық өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту Mini MBA курсының басты артықшылықтарының біріне айналды. Студенттер оқу процесі аясында білім алып қана қоймай, оқытушылармен және әріптестерімен кәсіби әзірленімдерімен алмасты, бұл жайт та материалды тереңірек игеруге ықпал етті. 

Курсты аяқтағаннан кейін әр студент білімді меңгеру деңгейін бағалау үшін тексеруден өтіп, Mini MBA сертификатын алды. Бағдарламаның аяқталуы компанияның дамуындағы жаңа кезеңді білдіреді, себебі курстан өткен қызметкерлер қазіргі заманғы тәсілдемелерді енгізуге және алған дағдыларын практикада қолдануға дайын. Біз Mini MBA бағдарламасында алынған білім бизнес-процестерді оңтайландыруға, командалардың тиімділігін арттыруға және жаңа мақсаттарға қол жеткізуге жәрдемдесетініне сенімдіміз.