Қуатты тиеуіш экскаваторлардың, ақылды жол техникасының және басқа да заманауи арнайы машиналардың жұмысын тамашалау бір ғанибет екені рас. Сонымен бірге белсенді және еңбекқор адамдардың санасында орынды қызығушылық туындайды: мұндай техниканы сатып алып, одан ақша табу шынымен мүмкін бе?
Жеке тәжірибе
Ең белсенді әрі қызығушылық танытып жүрген жандар бұл мәселені егжей-тегжейлі зерделеп, техника көмегімен ақша табудың сәтті мысалдарын оңай таба алады. Және олар аз емес.
Арнайы техника жеткізушісі — «Борусан Қазақстан» компаниясында — іскерлік серіктестердің үлкен тобы қалыптасып үлгерді және олардың арнайы техника негізінде құрған бизнесі көрнекі болып келеді. Олар бастапқыда Caterpillar® маркалы техниканың бір бірлігін сатып алып, жақсы өтелiмдiлiк нәтижелеріне қол жеткізген және одан әрі сол маркадағы жаңа арнайы техниканы сатып алу арқылы бизнесін дамытқан. Мысалы, «Эльвира» ЖК, «Базис К» ЖШС, «СМП-Кызылорда» ЖШС және басқалары.
Қазақстанның құрметті құрылысшысы — «СМП-Кызылорда» директоры Темирхан Маликович Алимкулов — сөйлейді:
- «Мен алғаш рет Cat 428 экскаватор тиеуішін 2007 жылы несиеге алған болатынмын. Содан кейін «Борусан Қазақстан» техника жеткізушісімен арада жақсы, іскерлік қарым-қатынастар қалыптасты. 5 жыл бойына машиналарда күрделі ақаулар болған емес, біз тек майларын, сүзгілерін ауыстырып отырдық. Яғни осы уақыт аралығында елеулі шығындар болған жоқ. Және 2-3 жыл ішінде аталмыш экскаватор тиеуіш өзін толық ақтады.
- Мен 2008 жылы арнайы шақырту бойынша бағамды беру үшін Испанияның Малага қаласындағы Caterpillar техникасының демонстрациялық орталығына бардым. Бізге аталмыш техниканың қандай мүмкіндіктері бары көрсетілді, оған қалай қызмет көрсетілетіні түсіндірілді. Содан кейін мен Cat арнайы техникасының тағы бірнеше бірлігін сатып алдым.
- Қазіргі таңда біздің автопаркімізде Cat техникасының 7 бірлігі бар: біреуі қолданыста болған күйінде сатып алынды, қалғандары жаңа. Бұл техниканың сапасы да, жұмысқа қабілеттілігі де жоғары, ал «Борусан Қазақстан» компаниясынан өте жақсы сервис және сатудан кейінгі қызмет көрсету ұсынылады.
- Біздің бизнес құрылыс саласымен байланысты. Ең алдымен біз жер қазу техникасын сол үшін пайдаланамыз. Cat 428 және Cat 422 экскаватор тиеуіштері тиеуіш ретінде де, шағын экскаватор ретінде де қолданылады. Cat 320, үлкен щынжыртабанды экскаватор, сонымен бірге Cat 320 және Cat 315 — бұл, негізінен, жер қазатын машиналар.
- Біз құрылыс бойынша тендерлерге қатысу арқылы мемлекеттік тапсырыстарды алып отырамыз. Бұл салада мерзімдерді сақтап отыру аса маңызды, демек, жұмыстарды орындау үшін жақсы техника керек. Жеке тапсырыстарды алу үшін біз арнайы салалық сайттарға жарнама орналастырамыз.
- «Борусан Қазақстаннан» Caterpillar техникасын сатып алу үшін арнайы техника лизингіне арналған Cat Financial атты қаржылық құралдың болуы – біз үшін өте ыңғайлы. Өз техникамды сатыр алғанда мен сол құралды пайдаландым. Аталмыш құралдың жүйесі жолға қойылған және қажетсіз әурешілікті тудырмайды. Ресімдеу рәсімін өткізу үшін біздің тарапымыздан қажетті құжаттар ұсынылды, біздің қаржылық жағдайымыз өте тұрақты болды, нәтижесінде бүкіл рәсім тез әрі оңай өтті.
- Бүгінгі таңда Қазақстанда арнайы техникаға деген сұраныс жоғары. Бірақ мұндай бизнеспен шындап айналысу үшін сенімді техника керек. Өзін-өзі қадірлейтін кәсіпкердің автопаркінде Cat арнайы техникасының кем дегенде бір-екеуі болуға тиіс.
- Бұл техниканың құны аналогтармен салыстырғанда жоғары болуы мүмкін, бірақ ол өз-өзін ақтайды. Ал егер оны Cat Financial кредиттік бағдарламасы бойынша сатып алатын болсаңыз, біршама ауыртпалықтан құтыласыз. Бұған қоса, егер біздің республикамызда 2020 жылдан бастап шағын және орта бизнес салықтан босатылса, бұл салада еңбек ету тиімдірек бола түседі.
- Әлбетте, кез келген бизнесте кәсіпкерлер әртүрлі қиыншылықтарға тап болуы мүмкін. Бізде де болып тұрады. Бірақ техникаға байланысты мәселелер әлі туындаған емес».
«Базис К» ЖШС компаниясы ғимараттар мен жолдарды салады. Пархат Карибаевич Атамбаев — фирманың директоры — кез келген компания меншігінде Cat техникасының болуы, компанияның салмақты екенін білдіріп, беделін арттырады деп есептейді. Тиімді мердігерлік шарттарды, мемлекеттік тапсырыстарды алу үшін, лайықты әрі сенімді техникаңыз болуға тиіс.
- «Cat арнайы техникасының көмегімен жүргізілген бизнес біз үшін табысты болды, — дейді «Базис К» директоры. — Бұл сенімді техника екені сөзсіз. Мен оны 10 жыл бұрын сатып алғанмын. Және тек қазір, 2019 жылы, бірінші рет жөндеуді қажет етіп отыр.
- Оның бағасы жоғары болуы мүмкін, бірақ өз бизнесімде мен осы техникаға артықшылық берілгенін ұнатамын. Біз басқа маркалармен жұмыс істеп көрдік, айырмашылығын байқап, оларға қайта оралған емеспіз. Сонымен қатар Қазақстандағы жеткізуші компания қамтамасыз ететін сервис те толықтай көңілімізден шығады. Осылайша техника өз құнын ақтайды.
- Және де, мүмкіндік болса, техниканың жалға алғаннан гөрі, оны сатып алған дұрыс болады деп кеңес берер едім. Бұл техника өз-өзін әрқашан да ақтайды, ал нарықтағы оған деген сұраныс артып келеді.
- Менің есептеулерім бойынша, мәселен бір бірлік үшін салынған 35 миллион теңгенің өтелімділігі 3 жылды құрайды».
Белгілі кәсіпорындардың бірі — «Эльвира» ЖК де — өз бизнесін «Борусан Қазақстан» компаниясынан Cat 428 экскаватор тиеуішінің бір бірлігін сатып алудан бастаған еді. ЖК иесі осы машинаны өзі басқарып, жұмыс істеді. Біршама уақыт өткен соң компания осы тиеуіштің келесі моделін сатып алды. Содан соң тағы екі бірлігі, одан кейін тағы үш бірлігі сатып алынды, кейіннен тағы үшеуі лизингке алынды.
Белсенділігінің, табандылығының және жоғары мотивациясының арқасында атағы шыға қоймаған, қатардағы ЖК табысты әрі кірісі мол компанияға айналды. Бүгінгі таңда, басшылардың айтуынша, олар техниканың тағы төрт бірлігін сатып алуға ниетті екен.
Қазіргі уақытта аталған кәсіпорынның паркінде 428 және 430 аралығындағы әртүрлі модельдегі Cat экскаваторларының 12 бірлігі бар.
Келесі, екінші бөлікте - арнайы техникамен бизнес жүргізудің 5 негізгі артықшылығы аталынып өтіледі.