Leasing calculator - will allow you to calculate the cost of your monthly payment. Лизинг калькуляторы
Онлайн қосалқы бөлшектер

II бөлік. Неліктен бұл тиімді

Меншікті немесе жалға алынған арнайы техниканы пайдаланумен байланысты бизнестің тиімділігі нарықтық талдаумен де расталады.



 

Ал үкіметтің соңғы жаһандық шешімдерін ескерсек, бұл қызмет ерекше тартымды болып көрінеді.

Атап айтқанда, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес үшін бұрын-соңды болмаған қолайлы жағдайлар енгізілуде, мұндай шарттар ерекше тартымды көрінеді. Кәсіпкерлер табыс салығынан және бақылаушы қызметтердің тексерістерінен үш жылға босатылады. Бұл біріншіден.

Екіншіден, мемлекеттік және жеке сектордағы құрылыс белсенділігіне үкіметтің басымдық беруде: демек, тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен жолдар одан да көп салынатын болады. Яғни арнайы техникаға деген сұраныс артатын болады.

Үшіншіден, бұл жұмыспен барлығы айналыса алады. Бүгінгі таңда құрылыс, жол, тау-кен өндіру, мұнай-газ салаларында өз техникасын қолайлы пайдалана отырып, тек ірі компаниялар ғана емес, сонымен қатар орта, тіпті өте шағын компаниялар да жұмыс істеуде. Ең бастысы — оны сауаттылықпен сатып алу немесе жалға алу.

Төртіншіден, бұл рентабельді бизнес. Жоғарыда келтірілген компаниялардың мысалдары бұл жайтты өте жақсы растауда.

А) Өсу қарқыны мен даму перспективалары бойынша арнайы техника нарығы капиталдандыру бойынша да, сұраныс динамикасы бойынша да такси және каршеринг секілді бизнес салаларын басып озу үрдісіне ие.

Б) Сарапшылардың пікірінше, белсенді кәсіпкерлер арнайы техниканың бір бірлігіне жұмсалған шығын орнын 2-3 жылда толтырады.

В) Нарық талдаушылары ірі бизнес тарапынан да, ЖК және жеке тұлғалар тарапынан да жалға берілетін арнайы техникаға сұраныстың артқанын атап өтті.

Бұл ретте арнайы техниканы пайдаланудың лизингтік схемаларына қызығушылықтың артуы да байқалады. Мұндай шешім әсіресе шағын фирмалар үшін, техниканы меншікке сатып алудан гөрі, қаржылық жағынан тиімдірек.

Бесіншіден, мемлекет кәсіпкерлерді қолдаудың кейбір бағдарламалары бойынша арнайы техниканы лизингке сатып алуды арнайы субсидиялай алатынын ескерген жөн. Мысалы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры техникаға жеңілдікті кредит/лизинг алуға 7% дейін субсидия ұсынады. Субсидия алу үшін кәсіпкерлерге бизнес-жоспарды ұсынып, оны қорғау керек. Ол мақұлданатын болса, олар көптеген инстанцияларда қолдауға ие болады.

Айтылған деректердің бәріне сүйене отырып, қазіргі уақытта арнайы техниканы сатып алу және өз бизнесіңізді бастау туралы ойлану үшін уақыт та, шарттар да қолайлы екені жөнінде сенімді қорытынды жасауға болады. Және бір қарағанда күрделі болып көрінгенмен, мұндай шаруаны тындыру қиындық тудырмайды.

 

Қорытындылаушы, үшінші бөлікте сіз арнайы техниканы пайдалануға байланысты бизнесті ашудың қадамдық жоспарымен таныс боласыз.