-
Турция
-
Әзірбайжан
-
Грузия
-
Қазақстан
-
Қырғызстан
РУСЛАН, ӨЗІҢІЗ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРІҢІЗШІ: СІЗ ҚАЙ ЖЕРДЕ БІЛІМ АЛДЫҢЫЗ?
Отбасым туралы айтатын болсам, менің нағашы атам кенші, ал өз атам геолог болды. Үйімізде аталған тақырыптарда өте көп кітап болғаны есімде. Бәлкім, осы жайт болашақта мамандық таңдауда маңызды рөл атқарды. Мен Қ.И.Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университетінің «Көтеру-тасымалдау және жол-құрылыс тасымалдау машиналары» факультетінде білім алдым. Содан соң Д.А.Қонаев атындағы тау-кен ісі ҒЗИ-ге «Тау-кен машиналары және жабдықтары» мамандығына магистратураға түстім. Аталған оқу орнында екі жыл білім алғаннан кейін Қ.И. Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университетінің «Пайдалы қазбаларды жерасты игеру» кафедрасына «Тау-кен ісі» мамандығына докторантураға түстім.
СІЗДІҢ BORUSAN CAT ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІБИ ЖОЛЫҢЫЗ НЕДЕН БАСТАЛДЫ?
Менің компаниядағы мансабым 2012 жылы Mining application Engineer лауазымынан басталды. Жұмыс өте тартымды әрі қызықты болды: әріптестермен бірге біз маңызды жұмыстардың бірін орындадық – Тапсырыс берушілерге Cat® жабдықтарының техникалық сипаттамалары, өнімділігі мен басқа өндірушілердің жабдықтарының сипаттамалары арасындағы салыстырмалы талдау нәтижелерін ұсындық, белгілі бір жобаға тау-кен жабдықтарының қажетті мөлшерін олардың кондициясына қарай есептеп шығардық, Тапсырыс берушілердің жобаларындағы қолданыстағы жабдықтардың циклдерін өлшедік, осылайша Тапсырыс берушілер тарапынан назар аударылуы тиіс «осал тұстарды» айқындап отырдық, ал сондай олқылықтарды жою өнімділікті арттыру көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін.
Аталмыш позицияда екі жыл жұмыс істегеннен кейін мен тау жабдықтары дивизионына сауда өкілі лауазымына тағайындалдым. Сол кезде мен пайдалы қазбаларды ашық және жерасты тәсілдерімен өндіретін барлық дерлік Mining тапсырыс берушілерімен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болдым. Атап өткім келетін жайт, сауда өкілінің жұмысы өте ерекше әрі жан-жақты болып табылады, онда барлық жинақталған білім мен дағдыларды қолдану маңызды, сонымен бірге талдауды, сенімді және жан-жақты жауап беруді қажет ететін өзің үшін жаңа деректерге тап боласың.
Біраз уақыттан кейін мен Resource Industry бөлімінде коммерциялық сарапшы позициясының міндеттерін орындауға кірістім де, Ресейдің Қиыр Шығысындағы жобалармен, Қазақстан мен Қырғызстандағы жобалармен жұмыс істей бастадым. Бүгінгі таңда мен тау-кен жабдықтарын сату бөлімінің басшысымын.
БАСШЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ОҢАЙ ЕМЕС ЖӘНЕ ӨТЕ ЖАУАПТЫ. БҰЛ ЖҰМЫСТА СІЗ ҮШІН ЕҢ ҚИЫНЫ ЖӘНЕ ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫСЫ НЕ?
Басшының жұмысы жауапты әрі оңайға соқпайтыны жөніндегі бірінші пікірмен келісемін, себебі нарық өзгерістерге ұшырайды және біздің Тапсырыс берушілеріміз үшін жаңа шешімдерді ұсына отырып, өзгермелі әлемге ілесіп отыру қажет. Екінші пікірге тоқталатын болсақ, мен жұмыста қиындықтарды көрмеймін – мен жаңа нәрсені үйренуге және белгілі бір уақытқа дейін белгісіз болып келген жағдайларды еңсеруге деген мүмкіндіктерді көремін. Тапсырыс берушілер бізге жұмыс істеуді үйретеді және біздің дүниетанымды кеңейте отырып, «өте тартымды әрі жан-жақты» түрде үйретеді және мұндай оқып-үйрену қызыққа толы болады.
СІЗДІ НЕ ШАБЫТТАНДЫРАДЫ ЖӘНЕ СІЗ ЭНЕРГИЯНЫ ҚАЙДАН АЛАСЫЗ?
Ілгерілеудің негізгі қозғалтқышы ретінде мені адамдар және оның креативтілігі шабыттандырады. Әр адам – тұлға, әр адамның басында және денесінде химиялық процестер әр түрлі жолмен жүреді, атап айтқанда біз қазіргі таңда күнделікті өмірде қолданып жүрген нәрселердің барлығын ойлап тапқан адам баласы. Сондықтан осының бәрінен мен жеке бір бағытты: әзірлемені, туындыны немесе жеке бір тұлғаны бөліп ажыратпаймын.
Белгілі бір өмір жағдайларында кідіріп қалмау және физикалық белсенділік секілді жан-жақтылық, бұл ретте ол алуан түрлі болуы мүмкін, рухани таным және ойлау процестері – маған осылар күш-қуат береді және әрдайым тонуста болуға мүмкіндік береді.
СІЗДІҢ ОЙЫҢЫЗША, БІЗДІҢ КОМПАНИЯ БАСҚА КОМПАНИЯЛАРДАН НЕСІМЕН ӨЗГЕШЕ?
Барлығы салыстыру кезінде танылады. Ал мен салыстыра алмаймын, себебі мен басқа компанияларда жұмыс істеген жоқпын, маған бұл сұраққа жауап беру қиынға соғады. Бірақ сенімділікпен айта алатыным, менің ойымша, біздің компания қызметкерлерге және жалпы бизнесті жүргізуге қатысты ашықтығымен, компанияда жоғары деңгейде сақталатын бедел құндылықтарымен, этикалық және моральдық құндылықтарымен ерекшеленеді.
ЖҰМЫС ПЕН ОТБАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІ ҚАЛАЙ САҚТАЙСЫЗ?
Тепе-теңдікті ұстанамын деп айта алмаймын. Кейде қолымнан келеді, кейде жоқ, және бұл қалыпты жағдай деп ойлаймын – дәл орта тұс бола бермейді. Бастысы – отбасы мүшелері тарапынан түсіністік, олардың қолдауы, сондай қолдауды олар көрсетіп келеді, тепе-теңдік мәселесінде мен үшін ең маңыздысы сол.
СІЗ НЕМЕН ӘУЕСТЕНЕСІЗ?
Бояумен әдеттен тыс суреттер саламын, әдеттен тыс өлеңдер жазамын, электрондық мүсіндер жасаймын, «Perpetuum mobile» көмегімен ғарышқа зымыран жіберемін және көптеген басқа нәрселер. Бала кезден бастап осы күнге дейін менің әуестігім – ойларға ерік беру және оларды қағаз бетіне көшіру. Сол ойлардың көбісі жай ғана қиял екенін мойындаймын, бірақ армандауға ешкім тосқауыл қоя алмайды. Айтпақшы, сол тізімнің кішігірім бөлігі орындалды. Ой материалдық сипатқа ие екенін белгілі және жақын келешекте аталған «әуестенулер» тізімінен маңызды біреуі шындыққа айналып, біздің әлемге бір жаңалық әкелетіні анық!
БІЗДІҢ КОМПАНИЯДА ӨЗ ҚЫЗМЕТІН БАСТАП ЖАТҚАН ЖАС МАМАНДАРҒА ҚАНДАЙ КЕҢЕС БЕРЕР ЕДІҢІЗ?
Айналысатын және айналысқысы келетін кәсіпке шын қызығушылық танытуды тілегім келеді. Балалар секілді білмекке құмар болып, азырақ авантюрист, көбірек энтузиаст болуды тілеймін.