-
Турция
-
Әзірбайжан
-
Грузия
-
Қазақстан
-
Қырғызстан
Гендерлік теңдік бағдарламасын дамыту шеңберінде 2024 жылдың маусым айында «Borusan Cat Қазақстан» компаниясының «Young Technician» бағдарламасына қатысушылар Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің, Қарағанды агротехникалық колледжінің, Ә.Сағынов атындағы Қарағанды университетінің төрт студент қызын қабылдады.
Бес ай ішінде үш студент қыз Қарағанды қаласындағы Компоненттерді қалпына келтіру орталығының өндірістік цехтарында слесарь лауазымындағы ер адамдармен қатар тағылымдамадан өтетін болады. Студенттердің бірі Оқыту және дамыту бөліміне мобилограф ретінде тағылымдамадан өтуге қабылданды. Тағылымдама аяқталғаннан кейін және жұмыс нәтижелері бойынша аталған тағылымдамадан өтушілер компанияға жұмысқа қабылдануы мүмкін.
«Borusan Cat Қазақстан» компаниясы 2018 жылы «Young Technician» жобасын іске қосты. Техникалық оқу орындарында оқитын жас мамандарды даярлау және іріктеу аталмыш бағдарламаның бағыты болып табылады. Жоба бес ай бойы компанияның шеберханаларында, кеңселерінде және нақты өндірістік желілерінде тәжірибеден өтуді қамтиды. Тағылымдамадан сәтті өткен түлектер компанияға жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Жас мамандарды жұмысқа орналастыруды қолдауға бағытталған осы жобаның арқасында қазіргі таңда оқудан өткен 55 жас маманның 12-сі Borusan Cat Қазақстанға жұмысқа орналастырылды.