S∙O∙SSM зертханасы
S∙O∙SSM майды талдау Сіздің құрал-жабдығыңыздың ішіне қарауға мүмкіндік береді!майды талдау Сіздің құрал-жабдығыңыздың ішіне қарауға мүмкіндік береді!
2008 жылы «Борусан Макина Қазақстан» ШК ЖШС Қарағанды филиалында жұмыс сұйықтықтарын талдау зертханасы жұмыс істей бастады. Онда бірегей қызмет ұсынылған – техника бөліктерінен алынған пайдаланылған майларды талдау негізінде техниканың жай-күйі туралы ұсыныстар беру.2008 жылы «Борусан Макина Қазақстан» ШК ЖШС Қарағанды филиалында жұмыс сұйықтықтарын талдау зертханасы жұмыс істей бастады. Онда бірегей қызмет ұсынылған – техниканың бөліктерінен алынған пайдаланылған майларды талдау негізінде техниканың жай-күйі туралы ұсыныстар беру.
Бұл ұсыныстар машинада бастапқы тозуды, майдың нашарлауын уақтылы көруге, сынудың, қымбат жөндеу мен техниканың бос тұрып қалуын алдын алуға көмектеседі.Бұл ұсыныстар машинада бастапқы тозуды, майдың нашарлауын уақтылы көруге, сынудың, қымбат жөндеу мен техниканың бос тұрып қалуын алдын алуға көмектеседі.
Майдың жай-күйін үнемі қадағай отырып, өз машиналары мен техникаларының паркін ең жоғары жұмыс қабілеттілігімен және соның салдарынан компанияның өркендеуімен қамтамасыз етуге болады.
Қызметтер тізімі
Май сынамаларына талдау жүргізілетін құрал-жабдықтардың тізбесі тек Сat® техникасымен және майымен шектелмейді.
Зертханада нәтижелерді түсіндіруге қажетті барлық Caterpillar құжаттары, сондай-ақ мынадай өндіруші-фирмалардың құжаттары бар: Komatsu, Detroit, Cummins, Allison, Terex/Bucyrus, JohnDeere, Liebherr, Perkins, Wartsila, GE Jenbacher, Deutz, ArielTurbomeca, Guascor, Waukesha, Toro және т.б.
Зертханадағы аспаптарды жыл сайын сертификаттау органдары тексереді.
Зертханада пайдаланылған майлар үшін келесі сынақтар жүргізіледі:
- Тозған металдарды, қоспаларды анықтау (ASTM D 5185).
- Майдың жай-күйін анықтау (күйе, тотығу, сульфаттау, нитраттау, ASTM E2412-04).
- Майдағы ластағыштарды анықтау (су (NTSL-022), антифриз (ASTM D 2982-98), отын (ASTM D3278)).
- Тазалық дәрежесін анықтау (ISO4406 тазалық коды бойынша, ГОСТ 17216).
- Сілтілік санды ASTM E2412 арқылы анықтау.
- ASTM D7279-06 бойынша тұтқырлықты анықтау.
Есеп электрондық пошта арқылы сынамалар зертханаға PDF форматында түскен сәттен бастап 72 сағат ішінде ұсынылады.
Талдау есептерін тіркеу, түсіндіру және дайындау үшін «Caterpillar® S∙O∙SSM Services Manager» лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланылады.
Аттестаттау
Зертхана қызметкерлерінің күш-жігері мен қажырлы еңбегінің арқасында 2021 жылғы шілдеде S∙O∙SSM Қарағанды қаласындағы зертхана Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығынан өлшеу жағдайын бағалаудан табысты өтті және пайдаланылған майларға талдау жүргізу үшін қажетті барлық шарттарға сәйкестігі туралы куәлік алды.
Көптеген жылдар бойы тұрақты дамуға деген ұмтылыстарымыз біздің компаниямызға жаңа, сапалы нәтижелер әкеледі. Енді біз бұны тағы да дәлелдедік, бұл компанияға алға қарай қадам басуға мүмкіндік берді!
Толығырақ ақпарат: 8 800 0800 228 телефоны бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)
Онлайн мұрағаттық және өзекті талдау нәтижелерін қарау үшін Сіз «S∙O∙SSM Services Web» қызметін пайдалана аласыз.